Шымкентте электр тогы соққан бір жасар сәби көз жұмды

Шымкентте электр тогы соққан бір жасар сәби көз жұмды

Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бала абайсызда ашық тұрған электр сымын қолымен ұстап қалған. Оқиға кеше кешке «Нұртас» шағын ауданында болған. Ата-анасының айтуынша, үйде Asel пеші ұзартқыш арқылы қуат көзіне қосулы тұрған. Қасында ойнап жүрген сәби оның ақауы бар электр сымын ұстап алған. Бала оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.