Шымкентте тұрғындар ХҚКО алдында түнеді
Шымкентте тұрғындар ХҚКО алдында түнеді
фото mygov.kz
224
оқылды

Шымкент қаласындағы мамандандырылған ХҚКО орталығында тағы да шу шықты.  Қала тұрғындарының айтуынша, көлік жүргізуге тәжірибелік емтихан тапсыру – алынбас асу болып тұр. Адамдар апталап кезекте тұрып, арнайы ХҚКО аумағында түнеп шығуға мәжбүр, тәртіп сақшылары емтиханға жазып жатыр, онлайн брондау мәселесі жоқ екенін айтады қала тұрғындары. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді кезек күткен видеолар қаптап кетті, деп хабарлайды ОТЫРАР.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында азаматтардың ағылуын арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында тәжірибелік емтихан тапсыру үшін автокөліктің жоқтығымен және ішінара жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен түсіндірді.
«Бұл мамандандырылған ХҚКО мекемесінде ғимаратқа ішінара жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына байланысты. Сондықтан бұл ХҚКО-да олар практикалық емтихан тапсыру үшін ғана қабылдап, дайын құжаттарды беру жүзеге асырылады. Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видео жексенбі күні, яғни арнайы ХҚКО жұмыс уақытынан тыс уақытта түсірілген. Шымкенттегі арнайы ХҚКО жұмыс күндері ғана жұмыс істейді. Азаматтардың көп ағынын ескере отырып, арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестелері қайта қаралып, қазір  олар сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ С1 санаты бойынша емтихан тапсыру үшін қосымша автокөлік бөлінді», – деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.
Мамандандырылған ХҚКО-ға оңтүстік мегаполис тұрғындарының ғана емес, бүкіл Түркістан облысының тұрғындарының жүгінуі жағдайды қиындатып отыр. Бір арнайы ХҚКО орташа өткізу қабілеті күніне шамамен 200 клиентті құрайды. Айтпақшы, облыста авто ХҚКО-ның жоқтығы туралы мәселе талай рет көтерілгенімен, әзірге нәтиже жоқ.