Көк паспортым қолымда - Бекболат Тілеухан

Көк паспортым қолымда - Бекболат Тілеухан

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің алдына барып, азаматтық ауыстырмағанын айтып, төлқұжатын көрсетті. Белгілі әнші сол жерде қазақстандықтарға арнап видео-үндеу жолдады. Ол өзіне қатысты "Түркиядан азаматтық сұрапты" деген ақпаратқа осылайша тағы жауап берді.

"Көк паспортым қолымда. Жұмысым бірқалыпты. Ыстамбұлда жүріп жатырмын, Түркия азаматтығын алмақ болды деген сөз жалған", - деді Бекболат Тілеухан.
Еске салсақ, бұған дейін Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берді деген ақпарат тараған болатын.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қатты тисе де, ащы шындық... (@shyndykz)