Батыста 39 градус ыстық болады, солтүстікте 2 градус үсік жүреді - синоптиктер
Батыста 39 градус ыстық болады, солтүстікте 2 градус үсік жүреді - синоптиктер
© tolqyn.kz
742
оқылды
 18 тамызда ауа райының бұзылуынан бірнеше өңірде ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстік-шығысында түнде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с-ке артады. Облыстың батысында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз өңірдің орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке артады. Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 18-20 тамызда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді. Атырау облысының батысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ті құрайды. Күндіз 39 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз өңірдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында күші 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с-ті құрайды. Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-ке артады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с-ке артады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында 2 градус үсік жүреді. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ті құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с артады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Өңірдің оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ті құрайды.