«Сол кезде мейрамханада өрттің алдын алуға тырысқан әйелдер ғана болды. Ең алдымен, мен от шыққан асүйге жүгірдім. Түтін арасынан екі газ баллонды көрдім, оны ажыратып, көшеге шығардым. Осыдан кейін әйелдер өрт екінші қабатқа өтеді деп айқайлады. Салтанат залына жүгіріп барып, екінші қабаттан жиһаздарды шығарып, ғимараттың төбесіне оттың өтуіне жол бермеу үшін перделерді жұлып ала бастадым», – дейді Бақыт Жүнісұлы.Ұлттық ұланның әскери қызметшісі өрт сөндіру машинасы келгенге дейін өртті өз бетінше сөндірді. Азаматтарды қауіпсіз жерге шығарды. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін ол батылдық пен кәсібилік көрсетіп, көмек көрсетті. https://youtu.be/zEx_4j0K5Kw Аман қалған тұрғындар офицерге газ баллоны жарылмай, апаттың алдын алғаны үшін алғыс білдірді.
Алматы облысының тұрғындары жарылыстың алдын алған офицерге алғыс айтты – видео

323
оқылды
оқылды