Анархистер арасында қазақ та бар
Анархистер арасында қазақ та бар
492
оқылды
Көрші Ресейде атышулы «Желі ісі» деген атпен мәлім болған бір топ азаматтың айна­ласындағы оқиға әлі басылмай тұр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, топ мү­шелері террактілер жоспарлап, мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысқан. Айыпталған 7 адам ұсталып, сот бәрін бас бос­тандығынан айырды. Арасында Арман есім­ді қазақ жігіт те бар екен. Бірақ журналистер олардың кінәлі екеніне әлі күмәнданып отыр. Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі «Желі» (Сеть) атты тер­рористік топты құрықтады. Ресми дерек бойынша, оның мү­ше­лері Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Пенза қалаларында әрекет еткен. Ұйымның негізін қалаған Дмитрий Пчелинцев. Мақсат – ресейлік анархистер мен қарулы топтың басын қосып, әс­кери комиссариат, қару-жарақ қой­масы, мемлекеттік орган ғи­марат­тарына шабуыл жасап, елде төңкеріс жасау болған екен. Әрине, бұл тергеушілердің мәліметі. 2 жыл­ға созылған іске жақында нүкте қойыл­ғандай болды. Сот үкімі бойын­ша топ негізін қалады деп айып­­тал­ған Дмитрий Пчелинцев –18 жылға, Илья Шакурский – 16 жылға, Андрей Чернов – 14 жылға, Максим Иванкин – 13 жылға, Михаил Кульков – 10 жылға, Василий Куксов – 9 жылға және Арман Сағынбаев – 6 жылға сотталды. Сотта деректер кел­ті­ріл­­ге­німен, Ресей журна­лис­те­рі бұл ақпаратқа сен­бейді. Се­бебі о бастан айып­та­лу­шы­лар өздерінің азап­талып жатқандарын ха­бар­ла­ған еді. Яғни, тергеу­ші­лер олар­ды жоғарыда айтылған қыл­мыс­тарды мойындату үшін қинап, қорлаудың түрлі әді­сін қолданып жатыр деген. Сон­дай-ақ журналистер бұл іс ба­сынан ойдан құралған, жа­­зық­сыздар темір торға то­ғы­тылды дейді. Кімдікі дұ­рыс, кімдікі бұрыс, әзірге белгісіз. Бірақ сот үкімі шы­ға­рылды. Біз аталған атышулы іс жайлы неге жазып отырмыз? Оның Қазақстанға не қатысы бар? Біріншіден, Ресей тарихы қайталанып жатқан секілді. Себебі анархистер бұл елде бұрыннан бар еді. Екіншіден, айыпталғандардың арасында қазақ жігіті мен Қазақстан аза­маты да бар. Үшіншіден, ақ­п­арат нарығы еркін да­мып отырған кезеңде анар­­хияға шақыратын идея­лар Қазақстанға да тарамай ма? Өйткені топтың «Желі» ата­луы тегін емес. Олар ға­лам­тор арқылы бай­ла­ны­сып отыр­ған. Дау неден басталды? 2017 жылы қазанда Пенза қала­сын­да Егор Зорин есімді сту­дент ұсталады. Көп өтпей, оның Илья Шакурский және Василий Куксов есімді дос­тары да құрықталады. Кейін федералды қауіпсіздік қыз­меті Шакурскийдың үйі­нен қолдан жасалған жа­рыл­­ғыш зат пен Макаров та­­­пан­шасын табады. Алайда Ша­курский бұл заттар үйі­ме әдейі тасталған деп, айып­ты мойындаудан ба­сын ала қашты. Кейін осы­ған ұқсас жағдай Куксов пен Пче­лин­цевке қатысты да қай­та­­ланды. Бірінің көлігінен та­панша табылса, екіншісінің кө­лігінде граната жатыр екен. Осы уақытта Санкт-Пе­тербург қаласында IT-ма­ман Арман Сағымбаев ұс­талды. Оның үйінен алю­­миний ұнтағы шықты. Тер­­геушілердің пікірінше, Арман оны жарылыс жасау үшін сақ­та­ған. Қолына кісен са­лын­ған қазақ жігіті де өзіне тағылған бұл айыппен келіспеді.  width= «Желі» ісі мұнымен шек­тел­ген жоқ. 2018 жылы Санкт-Петербургте антифашист Вик­тор Филинков пен Игорь Шишкин құрықталды. В.Фи­линков – Қазақстан аза­ма­ты. Оның сөзіне сенсек, фе­дералды қауіпсіздік қыз­­меті оны ұстаған соң микро­авто­бус ішінде бірнеше рет электрошокермен қи­нап, мойындайтын сөзде­рін жаттатқан. Осы жер­де Ре­­сейдің құқық қор­ғау ор­ган­­дары және дипло­ма­тия­ қызметі бірнеше заң­бұзу­шылыққа жол берген. Біріншіден, Филинковтың ұс­тал­ғанын Қазақстан кон­сул­дығына заңмен бекі­тіл­ген 3 күнде емес, 9 күнде ха­­барл­аған. Екіншіден, елі­міз­дің консулы Ақнұр Әле­новаға Филинковпен кез­де­суіне 2,5 айдан кейін ғана рұқсат берген. Үшін­ші­ден, Филинковтың әйелі күйеуіне іздеу салғанда ресейлік по­гон­дылар жолдасыңыз Минскі­ге ұшып кетті деп жал­ған ақпарат берген. Жалпы, аталған істе айып­тал­ған азаматтың барлығы да оларды федералды қауіпсіздік қызметінің өкілдері қинаға­нын мәлімдеді. Ал топты ұйым­­дастырды деген Пче­лин­­цев бұл қылмыстық іс, «Желі» деген ұйым – бәрі әл­гі қа­уіп­сіздік қыз­ме­ті­нің ойдан шы­ғарған дү­ние­­сі дейді. Оған қоса, айып­талушылардың адво­кат­­тары дәлелдің жет­кі­ліксіз еке­нін айтады. Мәселен, тапан­ша та­былғанымен, онда Ша­кур­ский­дың саусақ ізі жоқ, көлікте жатқан гра­на­тада да Пчелинцевтің сау­сақ ізі көрінбеген. Бұдан бө­лек, іздеу жұмыстарын жүр­гіз­гендер ережеге сәйкес қауіпсіздік шараларын сақ­­­та­маған. Яғни, граната та­­­­былған жағдайда сапер ша­­­­қырылмаған, аумақ қор­шал­маған, кезекшіге қо­ңырау ша­лынбаған. Ад­во­каттар мұны барлығы алдын ала жос­­парланып, қарудың әдейі тас­та­луымен түсіндіреді. Бірақ тергеушілердің пікірі басқа. Олар топтағы әр адамның қабілетіне сай өз фун­кциясы болған деп отыр. Бірі қарулы топқа жа­уапты болса, басқасы бар­лаушы, байланысшы мін­­деттерін атқарған. Ал Ар­ман Сағымбаев жасанды жа­­рылғыш заттың шебері бол­ған деседі. Сонымен, Ресей жұрт­шы­лы­ғын алаңдатқан іске үкім шықса да, оған күмән азайған жоқ. Ал Қазақстан азаматы Виктор Филимоновтың жағ­дайы белгісіз. Ол әлі де атал­ған іс бойынша тергелуде. Жалпы, Ресей тарихында анархист аз болмады. Қазір де жеткілікті. Өкінішке қа­рай, бұл идея еліміздің орыс­тілді аудиториясына да ық­пал ете­ді екен. Себебі «В Кон­так­те» әлеуметтік желісінде «Қазақстандағы анархия» атты арнайы топ ашылған. 2013 жылы билікке қарсылық таныту мақсатында форум тір­келіпті. Ұлттық қауіпсіздік қызметі бұл жайттан хабар­дар әрі аталған топты бақы­ла­уында ұстап тұр деген ой­да­мыз.   Нұрмұхамед БАЙҒАРА