«Танысайын деп едім...» – Алматыда 28 жастағы әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды – видео
«Танысайын деп едім...» – Алматыда 28 жастағы әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды – видео
Фото: azattyq-ruhy.kz
Оқиға Медеу ауданында орналасқан саяжай аумағында болған. Күдікті жазықсыз әйелді негізсіз ұрып-соққан. Оның Алматы облысының тұрғыны, 1986 жылы туған  К. есімді азамат екені анықталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.  Оқиға Медеу ауданында орналасқан бау-бақша серіктестігінің аумағында болған. Күдікті жазықсыз әйелді негізсіз ұрып-соққан. Айыпталушы полицияға  берген жауабында, ешқандай ішімдік немесе басқа да заттар пайдаланбағанын, қылмыс кезінде сап-сау болғанын айтуда. Өзінің айтуынша, алғашында әйелмен танысқысы келген. Артынан екі рет соққы жасағанын мойындауда. Сол мезет бірден қашуға әрекет жасаған.   Көп ұзамай қолға түскен ол қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша іс қозғалып,  тергеу жүргізіліп жатыр.