Шығыс Қазақстан облысында қар жауды (ВИДЕО)
Шығыс Қазақстан облысында қар жауды (ВИДЕО)
836
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының іргесіндегі таулы жерлерде алғашқы қар түсті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әлеуметтік желілерде Риддерде қар жауғаны жайлы фотосурет тарап кетті. Осыған орай «Қазгидрометтің» Шығыс Қазақстан облысындағы филиалына хабарласып көрдік.
«Риддер аумағына қар түскені рас. Бірақ қаланың өзінде жауған жоқ. Сондай-ақ метеостансада  қар түспеді», – дейді филиал мамандары.
Метеостанса 800-900 метр биіктікте орналасқан. Ал қар жауған таулы жердің биіктікі   1 800-2 000 метрді құрайды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Риддер-Лениногорск🇰🇿 (@ridder.city)