Ассамблея қызметіне бөлінген қаржы
Ассамблея қызметіне бөлінген қаржы
360
оқылды
Елімізде ұлтаралық кикілжіңдер орын ала қалса жұртшылық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысының тиімділігін сарапқа салатын болған. Оған себеп те жоқ емес. Мемлекеттік ұйымның қызметіне мемлекет есебінен бөлінетін қаржы кө­лемі де айтарлықтай. Бір ғана 2018 жылы ҚХА-на деп бюд­жеттен 2,7 миллиард теңге жұмсалыпты. Бұл екі жыл бұрынғы есеп, оған жыл сайынғы инфляцияға сәйкес, бюджет шы­ғыстарын индекстеуді қоссаңыз – қомақты ақша. Қазақ­стан қоғамының Ассамблея қызметін сынға алуына негізгі себеп қаржыға ғана тіреліп тұр ма? Иә, Қордайдағы қазақ-дүнген қақтығысынан кейін әлеуметтік желілерде түрлі сауал туындап, желі қолданушылар тарапынан Ассамблеяның қызметі, оған жұм­салатын бюджеттік шығындар көлемі туралы сұрау салған жаз­балар көбейген болатын. Осыған орай, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан хал­қы Ассамблеясының іс-шара­ларын өткізуге қанша қаражат бөлінгені туралы мәліметті жа­рия­лады. Министрліктің мәліме­тінше, ҚХА-ның даму тұжырым­дамасын іске асыруға арналған жоспар бойынша 2019 жылы бюджеттен 119 миллион теңге бө­лініпті. Тағы 15,2 миллион теңге этникалық топ өкілдерінің фестивальдерін өт­кізуге қарас­тырылған. Осылайша, ҚХА-ның концертін өткізуге был­тыр ­бюд­жеттен 70,9 миллион теңге бө­лін­гені белгілі болып отыр. Ал биыл ол қаражат көлемі 74,2 мил­лион теңгеге жетпек. «Ассам­блея­ның жыл сайынғы сессиясын өткізуге дайындық жүргізу үшін 2019 жы­лы 67,9 мил­лион теңге бөлінген. Биыл да бюд­жеттен сол мөлшер­дегі ақша бө­лініп отыр» делінген ведомствоның хабарла­масында. Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-ша­ралар жос­парын Ақпарат және қоғам­дық даму министр­лі­гінің ресми сайтынан көре аласыздар. Таяуда ҚазТАГ тілшісі ҚХА-ның 2020 жылғы шығынын тізіп жазды. Сонымен, «халықтар дос­тығы» ұйымы биыл қандай ша­ралар өткізгелі отыр және оған қанша ақша жұмсалмақ? – ҚХА жыл сайынғы сессия­сы­ның дайындығы мен өткізуі­не – 68 млн теңге; – ҚХА сессиясының ашы­луы­на орай өтетін концерттік шара­ға – 71 млн теңге; – «Қазақстанға сүйіспен­ші­лікпен» акциясын ұйымдастыру­ға – 19,6 млн теңге; – Алғыс айту күніне арналған фо­румды өткізуге – 21,9 млн теңге; – «ЭтноFashion» сән әлемі фестивалін ұйымдастыру және өткізуге – 11,8 млн теңге;  width= – Қоғамдық келісім мен ұлт­тық бірліктің қазақстандық мо­делін насихаттау бойынша рес­публикалық дәрісті ұйымдастыру және өткізуге – 16,2 млн теңге; – «Болашаққа көзқарас: қо­ғамдық сананы жаңғырту» идео­логиялық тұғырнамасын қолдау мақсатында этномәдени бірлес­тік­ті біріктіру бойынша іс-шара­лар ұйымдастыруға – 4,7 млн теңге; – Қайырымдылық ұйымдары мен демеушілердің «Мейірімділік керуені» республикалық форумын өткізуге – 21 млн теңге; – Қазақстанның ұлттық театр­ларының (этникалық театрлар) республикалық фестивалін өт­кізуге – 119 млн теңге; – «Жібек жолындағы әңгі­ме­лесу» халықаралық мәдени жо­­ба­сын ұйымдастыру және өткі­зу­ге – 13,7 млн теңге; – Ортақ құндылықтарды қалыптастыруға, сондай-ақ «Ру­хани жаңғыру» бағдарламасын Қазақстанның этникалық топ­тары арасында насихаттауға – 1,4 млн теңге; – ҚХА Журналистер клубы­ның қызметін қолдауға – 7,6 млн теңге; – «Көшбасшы бол!» жастар жобасын өткізуге – 10 млн теңге; – ҚХА кеңесінің отырысын өткізуге – 7,8 млн теңге. Яғни, жоғарыдағы шаралар «Қазақстан халқы Ассамблея­сының 2019-2021 жылдарға ар­нал­ған даму тұжырымдамасын (2025 жылға дейін) іске асыру жө­ніндегі іс-шаралар жоспа­рын­да» көрсетілген. Әрине, біздің мақсат Ассам­блея­ның ақшасын санау емес. ҚХА ұйымы тарапынан өткі­зі­летін ондай көрнекті мәдени, рухани шаралар да қажет. Десек те, елімізде ара-тұра бас көтеріп қа­латын ұлтаралық кикілжіңдер кезінде жұртшылық Ассамблея мүшелері мен ұйым қызметінің қо­ғамдағы орнын жоқтап жата­тыны рас. Қордайдағы қақтығыс­тан кейін де әлеуметтік желілерде көпшілік тарапынан ҚХА жұмы­сына қатысты сын мен ұсыныс­тар­дың көбірек айтылғаны ұйым­ның қызметіне өзгерістің керек екенін білдіріп тұрғандай.      width= Расул Жұмалы, саясаттанушы: – Шын мәнінде, Қазақстан халқы Ассамблеясына үлкен міндет жүктелген. Ұйымның қызметі үшін, мүмкіндігін кеңейтуі үшін Конституцияға, сайлау туралы заңға өзгерістер енгізілді. Жыл сайын республикалық бюджеттен, облыстардың бюд­жетінен оның жұмыс жоспарына деп, арнайы қаржы бөлініп отыр. Яғни қаражаттан тапшылық жоқ деуге де болады. Алайда Қордайдағыдай үлкен оқиға кезінде ҚХА-ның дауысы дер кезінде естілмей қалады. Жалғыз Қордай емес, осы уақытқа дейін Қа­рағандыда, Шымкентте, Алматы облысында осындай жағдай болды. Онда да дәл осылай болды. Сондықтан диаспора өкілдері өз ішінде тәрбиелік жұмыс жүргізіп, қазақ жеріне алғаш келгендегі тарихи жағдайды жастардың есіне салып, мемлекетшіл сананы сіңіріп отырғаны жөн.    width= Ерлан САИРОВ, саясаттанушы: – Қазақстан халқы Ассамблеясының ең негізгі миссиясы – біздің еліміздегі диас­по­раларды жалпықазақстандық патриотизм мен қазақ халқының дәстүрлі құн­ды­лық­тарына тәрбиелеу. Себебі Қазақстанда мемлекет құраушы ұлт – қазақ халқы. Ол дау тудырмайтын, баршаға мәлім жайт. Сондай-ақ заң бойынша Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік рәміздерді, Конституцияны құрметтеуге міндетті. Ассамблея, әсі­ресе қоғамға енді араласып жатқан жастарды осы құндылықтарды сақтап, оны құрметтеуге, елді дамытуға шақыруы, үндеуі тиіс. Біз қазір Қазақстанда мемлекет құрушы халықтың статусын белгі­леп беру, сол мақсатқа жұмыла жұмыс істеу кезеңінде тұрмыз.   Бауыржан БАЗАР