Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: ПД-нен алынды
367
оқылды
Алматы-Шелек-Қорғас тасжолында жол апаты салдарынан көлік жол жиегіне аударылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан екі адам оқиға орнында қаза тапты.
Кеше сағат 13:40-та Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 109-шақырымында жол апаты болды. 27 жастағы «Хюндай Соната» көлігінің жүргізушісі бір бағытта келе жатқан «Деу Нексия» көлігіне соқтығысқан. Салдарынан «Деу Нексия» көлігі жолдың жиегіне аударылған. Оқиға орнында аталған көліктің екі жолаушысы қаза тапты.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша іс тіркелді. Апаттың мән-жайын полицейлер анықтайды.