Алматыда жолаушыға лық толы автобус жүргізушісі жол үстінде қайтыс болды – видео

Алматыда жолаушыға лық толы автобус жүргізушісі жол үстінде қайтыс болды – видео

Оқиға Алматының маңындағы «Водник» ықшамауданында болған. AstanaTV-ның хабарлауынша, жолаушыға лық толы автобус жүргізушісінің халі кенеттен күрт нашарлаған. Қала сыртындағы «Водник» ықшамауданында 124-бағыттағы автобусты жүргізіп келе жатқан жүргізуші аялдамаға тоқтағанда  өзін жайсыз сезінген. Кенеттен есінен танып қалған. Жолаушылар ер адамның денсаулығы нашарлағанын көріп, бірден жедел жәрдем шақырған. Бірақ ол  ауруханаға жеткен бойда көз жұмған. Қайғылы жағдайға қатысты автобус паркінің өкілі пікір білдірді. Олар жүргізушінің денсаулығында кінәрат болмағанын айтады.

«Алматыэлектротранс» ЖШС эксплуатация бөлімінің бас маманы Малика Якупова: «Жүргізуші жігіт компаниямызға жақында келген болатын. Тәжірибесі бар маман. Сол күні рейске шығар алдында оны әдеттегідей біздің медициналық мамандар тексерген. Қан қысымы немесе жүрек ауруы дейтіндей диагнозы болмаған. Барлығы аяқасты болып отыр», – деді.
https://youtu.be/SOq4QY6WdZI