Алматылық азамат ұлын намаз оқымағаны үшін ұрып-соққан
Алматылық азамат ұлын намаз оқымағаны үшін ұрып-соққан
457
оқылды
Полицейлер ер адамды қамауға алды. Әкесінен таяқ жеген кәмелетке толмаған жігіт ауруханаға 15 тамызда түскен. Жас жігітке көптеген жарақаттар диагнозы қойылды.
«№2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына 2004 жылы туған науқас жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Жабық бас миының жарақаты, бас миының жеңіл контузиясы, маңдай саңылауының сыртқы қабырғасының депрессиялық көп бөлікті сынуы, екі жақтан көздің жоғары қабырғасына өтуі диагнозымен түсті. Мұрын сүйектерінің сынуы. Маңдай аймағының жұмсақ тіндерінің көгеруі де бар», деп хабарлады Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен.
Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.