Атыраулық жігіт Алматыға келіп есірткі сатумен айналысқан
Атыраулық жігіт Алматыға келіп есірткі сатумен айналысқан
Алматыда полицейлер қаладағы 10-шағын ауданда 21 жастағы Атырау облысының тұрғынын ұстады.  Құқық қорғаушылардың сөзінше, күдікті ретінде ұсталған жас жігіт жеңіл жолмен ақша табу мақсатында психотроптық заттарды сатумен айналысқан. Ол психотроптық заттарды алушымен алдын ала келісіп алып аудан аумағына қойып кету арқылы таратқан.
«Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан көк түсті изолентаға оралған 5 бума тәркіленді. Бір буманы ашқан кезде ішінде ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ бар екендігі анықталды. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3 тармағы бойынша тергеу басталды.  Бірқатар сараптамалар тағайындалды, қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады», –  деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.
Алматы