Қайғылы оқиға 17 тамыз күні болған. Сарбаз әскери қызметін атқару кезінде Атырау облысындағы мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде көз жұмған. Н.Е. есімді мерзімді қызмет әскери қызметшісі Маңғыстау облысының тумасы деген ақпарат бар. ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап, тараған бейресми ақпаратқа қарағанда, жасалған сот-медициналық сараптама нәтижелері өлімге "кенеттен жүректің тоқтауы" себеп болғанын көрсетіп отыр.
Әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА