Шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогінің финалдық ойыны басталды
Шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогінің финалдық ойыны басталды
Қазақстан Президентінің кубогы үшін астананың «Барысы» мен Магнитогорскінің «Металлург» клубтары арасындағы финалдық матч басталды. «Барыс» «Металлург» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19.30-да басталды, Qazsport телеарнасынан көруге болады. Қазақстан Президентінің кубогында «Барыс» алдымен Екатеринбургтің «Автомобилистінен» қосымша уақытта ұтылып (3:4), одан кейін Нижнекамск «Нефтехимикін» (3:0) жеңді. «Металлург» «Нефтехимикті» (4:1), «Автомобилисті» (2:1) жеңді. Сонымен, шешуші матч алдында командалардың қазіргі жағдайы төмендегідей: «Металлург» – 4 ұпай, «Барыс» – 3 ұпай, «Автомобилист» – 2 ұпай, «Нефтехимик» – 0 ұпай. https://www.youtube.com/watch?v=WY9cOro6OMA