Түркияда жүк көлігі көпшілікті қағып кетіп, 16 адам көз жұмды
Түркияда жүк көлігі көпшілікті қағып кетіп, 16 адам көз жұмды
391
оқылды
Түркияның Дерик қаласында жүк көлігі халықты қағып кетті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, көліктің тежегіші істен шыққан. Оқиға жанармай құю бекетінің жанында болған. Бейнежазбада жүк көлігінің көпшілікке қарай жүйткіп бара жатқаны көрсетілген. Полицияның айтуынша, ол алдымен тоқтап тұрған екі көлікке соқтығысқан. Апат салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы 20-дан аса адам жарақат алды. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен полиция жұмыс істеп жатыр.