Ұлытау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Ұлытау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Фото: instagram.com/ulytauregion
Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып Ғалымжан Құсманғали тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігінің Instagram парақшасында жарияланды.  Ғалымжан Мұратұлы Құсманғали 1983 жылы Жәйрем кентінде дүниеге келген. Сәтбаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназияны тәмамдаған. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Әлеуметтік ғылымдар магистрі. Еңбек жолын 2005 жылы Астана қаласының Ішкі саясат департаментінде бас маман болып бастаған. Әр жылдары «Нұр Отан» партиясында, ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратында, Орталық сайлау комиссиясында, ҚР Президентінің Әкімшілігінде, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жауапты қызметтер атқарған. 2021 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры болып жұмыс істеген.