23 тамыз Қырғызстанда аза тұту күні болып жарияланды
23 тамыз Қырғызстанда аза тұту күні болып жарияланды
Фото: media-center.kg
445
оқылды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан қырғыз азаматтарының қаза болуына байланысты 23 тамызды аза тұту күні деп жариялады.
«Құрметті қырғызстандықтар! Ресей Федерациясының Ульянов облысында болған оқиға әрқайсымыз үшін қиын жағдай! Орны толмас осы бір қайғы барлығымыздың жүрегімізге ауыр жара салды. Біз отандастарымыздың жол-көлік оқиғасына тап болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Қаза болғандардың туыстарының қайғысын түсінемін және бөлісуге дайынмын, оларға қазір өте қиын. Мұндайда жұбататын сөз табу қиын. Мен апаттан қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Алла сіздерге күш-қуат, төзім берсін!. Қасиетті Құранда: «Алла сабырлыларды жақсы көреді» делінген. Сабырлы болыңыздар, құрметті отандастар! Апат салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына міндетті түрде көмек көрсетіледі. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады. Қымбатты отандастар, бұл қайғы – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Осыған байланысты 23 тамызды Қырғыз Республикасының аумағында жалпыға ортақ Аза тұту күні деп жариялаймын» делінген Қырғыз Республикасы президентінің үндеуінде.