Пайдалы қазбаларды заңсыз қазған қылмыстық топ ұсталды
Пайдалы қазбаларды заңсыз қазған қылмыстық топ ұсталды
255
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан және жақын шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топты құрықтады. Олар 2019-2021 жылдары Ақмола облысының аумағында өкілетті органның арнайы рұқсатынсыз 233 мың тоннадан аса пайдалы қазбаларды қазып шығарып, өңдеп және өткізіп отырған. Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам аса ірі көлемде залал келтірілген. Іс сотқа жолданды.