Экономиканы дамыту аймақтағы проблемаларды шешуден басталады – Алуа Жолдыбалина

Экономиканы дамыту аймақтағы проблемаларды шешуден басталады – Алуа Жолдыбалина

Президент жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы, саясаттанушы Алуа Жолдыбалина «АМАNАТ» партиясының жаңа саяси тұғырнамасы әзірлеуге қатысты пікір білдірді. Ұсынысын айтты. Оның айтуынша, «Аймақ көшбасшылары» деген жобаны іске асыруға болады. Жалпы, әлемде ұлттық, жаһандық емес, жергілікті, аймақтық деңгейге ден қою, назар аудару, дамыту үрдісі басым. Сол себепті, әрбір аймақтық дамуына қатысты тіпті аймақтық бағдарлама қабылдауға болады. Біз «АМАNАТ» партиясының жаңа саяси тұғырнамасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының отырысы партия Төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен өтті. Саяси институттар біздің елде ғана емес, барлық әлемде де трансформациядан өтуде. Бүгінде әлемдегі трендтің бірі – саяси партияларға үкіметтік емес ұйымдар бәсекелес күш ретінде қарқынды дамуда. Мүшелікке қабылдау саны азайып, жарна төлеуден бас тарту сияқты трендтер байқалуда. Бұл үрдіс сол барлық елде бар. Әлемде саяси партиялар өз үстемдігін сақтау үшін нақты қадамдар жасап жатыр. Бірінші қадам. Партияның жаңа мүшелерін жинақтауға күш-жігер жұмсамай, бүгіндегі саяси партия мүшелеріне ден қойып, мықты кадр ретінде дайындау, әсіресе аймақтарда, яғни саяси кадрларды дайындауға мән береді. Сол сияқты ендігі кезекте «АМАNАТ» партиясына «Аймақ көшбасшылары» деген бағдарлама жасауға болады. Қазақстанның 20 аймағы – 20 әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси тұрғыдан әртүрлі. Бүгінде бір аймақ үшін болған өзекті мәселе, басқа аймақ үшін басымдыққа ие емес. Ұлттық даму аймақты дамытудан басталады. Екінші қадам. Әлемде бүгін саяси партиялар азаматтылықты тәрбиелеу, саяси сауаттылықты дамыту құралы. Әсіресе, Германияның саяси партияларынан жақсы көрінеді. Сондықтан осы бағытта та «АМАNАТ» партиясының жаңа тұғырнамасында көрініс тапқаны жөн.