Кеше Нұр-Сұлтан қаласында ер адам Glovo жеткізу қызметінің курьерін соққыға жыққан. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Биылғы жылдың 22 тамызында сағат 19.50 шамасында полицияға Glovo курьерін ұрып-соғып, дене жарақатын салғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша Есіл аудандық Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады»,– деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.