Кәріз құдығынан 2 жасар баланы құтқарған Арман Аманжолов марапатталды

Кәріз құдығынан 2 жасар баланы құтқарған Арман Аманжолов марапатталды

Полицейлер Қызылордада кәріз құдығына түсіп кеткен 2 жасар баланы құтқарған 15 жастағы Арман Аманжоловты марапаттады. Қызылорда қалалық ІІД-нің мәліметінше, Арман Аманжоловқа қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Әбдібек Жаназаров қабылдап, құрмет грамотасы мен қолсағатты салтанатты түрде табыс етті.

«Біз көрсеткен батылдығың үшін алғыс айтамыз. Сен нағыз батырсың!» – деді Әбдібек Жаназаров.
Арман Аманжолов Қызылордаға М.Ихсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне оқуға түсу үшін құжат тапсыруға келген. Бұған дейін ержүрек Арман Аманжолов туралы жазған болатынбыз.