Қызылордада аузы ашық жатқан құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарды
Қызылордада аузы ашық жатқан құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарды
828
оқылды
Қызылорда қаласында оқыс оқиға орын алды. Тапа тал түсте қаладағы Абай даңғылы мен Ғани Мұратбаев көшесінің қиылысындағы аузы ашық жатқан құдыққа шамамен 4-5 жастағы бүлдіршін түсіп кетті. Бұл жайсыз оқиға жұртты қатты шошытты. Сол мезетте жақын маңда жүрген жігіт дереу тереңдігі 4 метр болатын кәріз құдығына түсіп, зардап шеккен баланы алып шыққан. Баланың қазіргі жағдайы жайында әзірге нақты мәлімет айтылмады. Балалар жылында баланы құтқарған жігіт жайында да ешқандай ақпарат жоқ. Ал Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі тарапынан оқыс оқиға орын алған жердегі құдықтың аузы бекітілгені мәлім болды.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ, Қызылорда облысы