Жетісайда 5 жасар қыз бен сәбиді ата-анасы көлікте қалдырып кеткен
Жетісайда 5 жасар қыз бен сәбиді ата-анасы көлікте қалдырып кеткен
4,479
оқылды
Жетісайда құлыпталған көлік ішінде 5 жасар қыз бен шақалақ сәби қалып қойған,-  деп хабарлайды Polisia.kz. Жетісай АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, яғни куәгерлердің бірі хабарласып, Жетісай қаласы көшелерінің бірінде Toyota Camry көлігінің ішінде 5 жасар қыз бен бөпенің құлыптаулы қап кеткенін айтқан. Оқиға орнына бірден шыққан полицейлер тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде,  балалардың ата-анасы анықталып, жауап алынды.