Бір тәулікте 600-ден астам адамнан коронавирус анықталды
Бір тәулікте 600-ден астам адамнан коронавирус анықталды
Фото: tvkrasnodar.ru
Өткен тәулікте коронавирус 664 адамнан анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 110, Алматы қаласында – 42, Шымкент қаласында – 3, Ақмола облысында – 79, Ақтөбе облысында – 28, Алматы облысында – 8, Жетісу облысында – 11, Атырау облысында – 13, Шығыс Қазақстан облысында – 18, Абай облысында – 6, Жамбыл облысында – 5, Батыс Қазақстан облысында – 67, Қарағанды облысында – 97, Ұлытау облысында – 0, Қостанай облысында – 72, Қызылорда облысында – 5, Маңғыстау облысында – 17, Павлодар облысында – 47, Солтүстік Қазақстан облысында – 32, Түркістан облысында – 4. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 1 386 412-ге жетті.