Әлімханұлы жеңілмеген әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Әлімханұлы жеңілмеген әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
2,328
оқылды
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын алғаннан кейін WBC титулына ие жеңілмеген америкалық Джермалл Чарлоны жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Vesti.kz сайты. "Чарломен жекпе-жекке шығып, WBC чемпионы атағын алғым келеді! Бұл айтарлықтай жеңіл жұмыс! Бәрі біледі, бұл жеңіл жұмыс десем, демек шынымен жеңіл. Иншалла!"–  деп жазды Жәнібек Twitter-де. Еске салайық, бұған дейін орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) ресми түрде WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы деп танылғаны хабарланған болатын.