Аманаттық депутат: тігін фабрикасының басшысы 500 балаға мектеп формасын сыйлады
Аманаттық депутат: тігін фабрикасының басшысы 500 балаға мектеп формасын сыйлады
783
оқылды
«AMANAT» партиясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Баланы мектепке даярлайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын жалғастыруда. Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын 1 қыркүйекке дайындауға көмектесу. Акцияға партияның Орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының қызметкерлері, партия депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері қатысады. Ел аумағындағы балалар аманаттықтардан жаңа оқу жылына арналған жиынтықтар алуда. Яғни, оларға  мектеп формасы, оқулықтар мен кеңсе тауарлары бар рюкзактар берілді. Жалпы, еліміз бойынша 30 мыңнан астам баланы қамту жоспарланып отыр. Мәселен, елордада партия мүшелері 3000-ға жуық балаға көмек көрсетті. «Бес баланың анасы ретінде мен үшін бұл баға жетпес қолдау. Партиялықтардың осы жұмысты ұйымдастырып жатқаны қуантады. Олар өздері хабарласып, мән-жайды анықтап, бізге қолайлы уақытта табыстады. Шексіз алғысымды білдіре отырып, алдағы жобаларды жүзеге асыруда табыс тілеймін», – деп атап өтті Айжан Сақанова. депутат Өз кезегінде Қызылорда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» фракциясының депутаты Ділмұхамед Әбизов 500 баланы мектеп формасымен қамтамасыз етті. «Тігін фабрикасының басшысы ретінде, бұл акцияға қатыспай қала алмадым. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасын табыстағанымыздан бөлек, фабрикамызда тігілген 600 мектеп киімі 7000 теңгеден сатылды. Осылайша, өңірдегі өзге кәсіпкерлерге үлгі көрсеткіміз келді», – деп атап өтті депутат. Алматыда филиалдың қолдауымен «Білімге құштар балдырған» атты қайырымдылық концерті өтті. Шара барысында партиялықтар мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу құралдарын табыс етті. Мегаполисте айдың соңына дейін барлығы 3000-нан астам мұқтаж отбасы қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. «Бүгін біз спорттық киім мен оқу құралдары бар рюкзак алдық. Менің үш балам мектепке барады. Мен үшін бұл үлкен көмек. Өйткені жаңа оқу жылының алдында бәрі қымбаттады. Жалпы, 2018 жылдан бері партиялықтардан жыл сайын көмек көрсетіліп жатыр», – деді көпбалалы ана Анар Хамитжанова. депутат Ақтөбе облысында акция аясында 1500 балаға көмек көрсетілді. Мысалы, облыстық мәслихат депутаттары Талғат Салфиков, Тахталифум Есенғұлов және қалалық мәслихаттағы «АМАNAT» фракциясының жетекшісі Абай Сақтағанов Ойыл ауданындағы 350 баланы мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етті. «Екі апта бұрын мен партиядан көмек сұрадым. Немерелерімді мектепке дайындауға мүмкіндігім жоқ. Бүгін бізге мектеп формасын, кеңсе тауарларын және тағы басқа қажетті заттарды берді. Балаларға қолдау көрсетіп жатқан жандарға ризашылығымды білдіремін», – деді Зина Күнтубаева.

Жалғасбаев Е.