Сайлау комиссиялары тарапынан ешқандай бұзушылықтар белгіленбеді. ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейсов онлайн телемарафон аясында өткен ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.
«Соттарға арыздар түспеген. Прокуратура органдары сайлау бойынша өтініштерді қараған жоқ. Дауыс беру процесі аяқталғанға дейін бүгін Астана, Алматы, Шымкент, Орал және Қостанай қалаларында прокурорлар қысқартылған тәртіппен жеті азаматты айыппұлға тартты. Олардың барлығы, толтырылған бюллетеньдердің суреттерін таратуға байланысты, бұл - заңсыз үгіт. Заң бұзушылар өз кінәсін мойындады, сонымен қатар интернеттегі жазбаларын жойды. Басқа тарту фактілері болған жоқ», - деді спикер.
