Тойда мылтықпен оқ атқан ер адам ұсталды
Тойда мылтықпен оқ атқан ер адам ұсталды
1,353
оқылды
Қызылордада той үстінде аспанға оқ атқан 21 жастағы жігіт ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әлдекімнің қарумен ауаға бірнеше мәрте оқ атқанын көруге болады.
«Тексеру барысында оқиға қаланың шет аумағында той өту кезінде болғаны анықталды. Атыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған дерек бойынша 21 жастағы азаматтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі және 293-бабында қаралған қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгісі болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.