Қарағандыда ер адамды қағып, үстінен өтіп кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыда ер адамды қағып, үстінен өтіп кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
3,248
оқылды
Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып, үстінен өтіп кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
21 тамыз күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне аудандағы сауда үйлерінің бірінің көлік тұрағында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түскен. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Белгілі болғандай, көлік жүргізуші 30 жастағы азаматты қағып кеткен. Салдарынан жәбірленуші әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Полиция қызметкерлері оқиға болған жерде орнатылған бейнебақылау камерасының жазбаларын зерделей келе, жәбірленушіні басу қасақана жасалған деген шешімге келді. Бейнежазбадан көлік жүргізушінің сауда орнынан шығып көлікке отырғаны көрінеді. Кейін көлікке жәбірленуші жақындаған.