Атыраулық балуан әлем чемпионы атанды
Атыраулық балуан әлем чемпионы атанды
327
оқылды
Атыраулық балуан Айбынбай Қайырберді жағажайдағы самбодан әлем чемпионы атанды. Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жағажайдағы әлем чемпионаты Израильде өткен.
«Израиль елінің Бат-Яме қаласында 27-28 тамыз күндері жағажайдағы самбодан ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Бұл чемпионатта әлемнің 24 елінен қатысқан балуандар бақ сынады. Қазақ елінің намысын қорғаған атыраулық самбошы Айдынбай Қайыргелді 58 келі салмақта сынға түсті. Спорттық бабы келісіп, бағы жанған қазақ балуаны Ресей, Румыния, Марокко елдерінің спортшыларын айқын басымдықпен жеңді. Сөйтіп, ол жағажайдағы самбодан әлем чемпионы атағына ие болды», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, аталған чемпионатта тағы бір атыраулық спортшы жүлдегер атанды. Ол – 71 келі салмақта бақ сынаған Жұмабай Парасат. Іріктеу кезеңінде ол француз және тәжік спортшыларын ұтқан еді.