Семей ядролық полигоны: жарылыссыз өткен 31 жыл
Семей ядролық полигоны: жарылыссыз өткен 31 жыл
©kaz.zakon.kz
1,745
оқылды
Кеше - Семей полигонының жабылғанына 31 жыл. Дәл 1991 жылы 29 тамызда сол кездегі Қазақ КСР үкіметі Семей полигонын жапты. [caption id="attachment_215193" align="alignnone" width="1200"]полигон ©kaz.tengrinews.kz[/caption] Ядролық полигонының ресми жабылуы онда алғашқы ядролық қару сынаудан кейін 42 жыл өткен соң болды. 1949 жылы 29 тамызда жарылған алғашқы бомбаның қуаты 22 килотоннаға жеткен. [caption id="attachment_215194" align="alignnone" width="1200"]полигон ©el.kz[/caption] Сол жылдар ішінде полигонда кемінде 468 ядролық сынақ өткізді. КСРО полигон аумағында кем дегенде 616 ядролық және термоядролық құрылғыларды жарды. Оның ішінде 125 атмосфералық, 343 ядролық сынақ жерастында өткізілді. [caption id="attachment_215195" align="alignnone" width="1200"]полигон ©kzkazan.ru[/caption] 1949-1963 жылдар аралығында полигонда жарылған ядролық зарядтардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2 500 есе асып түскен. Соның салдары аймақтың экологиясы мен жергілікті тұрғындардың денсаулығына әсер еткені сөзсіз. [caption id="attachment_215196" align="alignnone" width="1200"]полигон ©sarbaz.kz[/caption] Ядролық сынақтар тек 1989 жылы тоқтатылды. Одан кейін жазушы, публицист, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов дүниежүзіндегі ядролық сынақтардың құрбандарын біріктірген «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын құрды. [caption id="attachment_215197" align="alignnone" width="1200"]полигон ©ru.wikipedia.org[/caption] Ресми мәлімет бойынша, қазір полигон аумағында ешкім тұрмайды. Бірақ «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Қазақстан Заңы жобасының көмегімен Семей полигонының ластанған жерлері оңалтуға жатады. Тағы бір айта кетерлігі, заңда радиациялық қауіпті аумақтарда тұратын тұрғындардың қосымша еңбекақы мен жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысына құқығы бар екені де қарастырылған.