Президент Жолдауы тікелей эфирден сағат қаншада көрсетіледі?
Президент Жолдауы тікелей эфирден сағат қаншада көрсетіледі?
Фото: yandex.kz
Ертең, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар Президенттің баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады», делінген хабарламада.