Ол «Сүйемін деші» фильмін қараша айының ортасында көрермен назарына ұсынуды жоспарлаған.
«Хайп қуалады деп айта ма деп ұялдым»: Дархан Мұсаев фильмінің көрсетілімін кейінге шегерді
272
оқылды

Белгілі әртіс Дархан Мұсаев Дариға Бадықованың фильмімен қатар шықпау үшін өз туындысының көрсетілімін кейінге шегергенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол «Сүйемін деші» фильмін қараша айының ортасында көрермен назарына ұсынуды жоспарлаған. Бірақ дәл сол уақытта Дариға Бадықованың «Соңыра» фильмінің де көрсетілімі белгіленгенін білген соң, өз туындысының премьерасын кейінге қалдыруды жөн көрген.

«Қысқасы, қараша айының ортасына қойғанмын. Сөйтсем, бір кісілердің киносы да сол кезге қойылып қойыпты. «Хайп қуалады» деп айта ма деп, шынымды айтсам, киноны тағы да шегердім. Амал жоқ, ұялдым. «Соңыра» деген киноларын қойыпты ғой», – деді ол.

Әртістің сөзінше, мұндай шешім қабылдауына екі фильмнің көрсетілім уақытының сәйкес келуі және жұртшылықтың мұны қалай қабылдайтынына қатысты алаңдаушылығы себеп болған.