Аманаттықтар 23 мыңнан астам отбасындағы 42 мың оқушыға көмек көрсетті
Аманаттықтар 23 мыңнан астам отбасындағы 42 мың оқушыға көмек көрсетті
147
оқылды
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов «Баланы мектепке даярлайық!» қайырымдылық акциясы аясында жасалған жұмыстардың қорытындысы жайлы жазба жариялады. Сонымен қатар аталған акция алдағы жылдарда да жалғасын табатынын айтты.
«Құрметті қазақстандықтар! Балалар – ел болашағы. Олардың лайықты білім алуына жағдай жасау «AMANAT» партиясының басты міндеті болып саналады. «Баланы мектепке даярлайық!» қайырымдылық акциясы бүгін аяқталып отыр. Соның аясында барлық өңірдегі партия мүшелері балаларды жаңа оқу жылына дайындауға атсалысты. Аманаттықтар 23 мыңнан астам отбасының 42 мың оқушысын мектеп формасымен, оқулықтармен, рюкзактармен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті. аманат Бұл – Мемлекет басшысының әлеуметтік қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасыларды қолдау жөніндегі бағыт-бағдарын жүзеге асыруға «AMANAT» партиясының қосқан үлесі. «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы бұл бір рет қана өткізілетін іс-шара емес. Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған партияның ауқымды жүйелі жұмысының бір бөлігі. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана 13 мың адам жұмыспен қамтылып, 37 мың отбасына АӘК алуға көмек көрсетілді, 49 мың отбасына біржолғы әлеуметтік көмек төленіп, 146 отбасы баспаналы болды. аманат Оған қоса, «AMANAT» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалардың білім алуына лайықты жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Ол үшін 2022 жылдың соңына дейін 214,5 мың орындық 225 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Ал жаңа оқу жылының басында 37 мың орындық 81 жаңа мектеп ашылуға дайын. Сонымен қатар үш ауысымды және апатты мектептердің мәселелері барлық деңгейде партияның бақылауында тұр. Республика бойынша жыл сайын 1 000 мектептің білім беру жағдайын жақсарту жоспарлануда», – деп жазды Ерлан Қошанов Facebook парақшасында.