«АМАNAT»: «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы жалғасып жатыр
«АМАNAT»: «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы жалғасып жатыр
583
оқылды
 «АМАNAT» партиясының мүшелері «Баланы мектепке даярлайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында бүлдіршіндерді мектепке даярлауды жалғастыруда. Бүгін партия Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов бірнеше отбасына барып, балаларға мектеп формасын, спорт киімін, рюкзактар мен кеңсе тауарларын табыс етті.
«Бұл акция партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында бүкіл ел аумағында өткізіледі. Биыл акция аясында 30 мыңнан астам баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Басты мақсат – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын жаңа оқу жылына даярлауға көмектесу. Мариевский отбасына барғанымызда үйінің шатыры жанып кеткенін білдік. Сондықтан қосымша қолдау көрсетіп, жөндеу жұмысын жүргізіп беру туралы шешім қабылдадық», – деді Мәди Оспанов.
Өз кезегінде, көпбалалы ана Әсем Жайлаубекова партиялықтарға көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді. «Отбасымызда мектеп жасындағы үш бала бар. Біреуі биыл бірінші сыныпқа барады. Оны мектепке даярлау үшін кем дегенде 100 мың теңге керек. Үлкен балаларды да даярлау қажет. Партияның қолдауымен қажетті заттың бәрін алдық», – деді ол.