Петропавлда құдық тазалап жатқан үш жұмысшы уланып қалды
Петропавлда құдық тазалап жатқан үш жұмысшы уланып қалды
168
оқылды
Петропавлда 20 жастағы жұмысшы құрылыс нысанында көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
31 тамыз күні Петропавл қаласының полиция басқармасына Жамбыл көшесіндегі құрылыс нысандарының бірінен үш қызметкердің денесі табылғаны туралы хабар түсті. Құрылыс нысанының жанындағы су құбыры құдығын тазартып жатқан 1994, 2002 және 2004 жылы туған үш жұмысшы буға уланғаны анықталды. Оның бірі - 20 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болды. Қалған екі адам қаланың медициналық мекемесіне жатқызылды.Аталған факті ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды. Істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданады. Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша мердігер ұйымдардың кінәсі анықталады.