«Қазақстандық қоғамдық даму институты» басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов Жолдауда қамтылған бағыттар елдегі саяси тұрақтылыққа кепіл болатынына сенім білдірді. – Жолдауда жер телімдерін пайдалану, су ресурстары мен кәсіпкерлікті дамытуға байланысты басты мәселелері қозғалды. Осының жемісі, қарапайым халық көре алады. Мәселен, ең төменгі жалақыны 70 мыңға дейін көбейту тапсырылды. Әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас етіп бекіту ұсынылды. Осының өзі кез келген қазақстандыққа тікелей әсер ететін бастама. Жалпы, бүгінгі Жолдаудың басты тетігі – Әділетті Қазақстан. Әрбір қамтылған бағыт елдегі саяси тұрақтылықты сақтау үшін жасалып жатыр. Яғни, ішкі тұрақтылыққа кепіл болады деп ойлаймын. Сонымен бірге Үкіметке де сын айтылды. Кез келген бастаманы жүзеге асырушы – Үкімет. Осыған сай, алдағы уақытта жергілікті басқарушы органдардың жұмысы оңтайландырылады, – деді «Қазақстандық қоғамдық даму институты» басқарма төрағасы.