Референдумда «AMANAT» партиясының Республикалық штабы белсенді жұмыс істеді – Қазбек Майгелдинов
Референдумда «AMANAT» партиясының Республикалық штабы белсенді жұмыс істеді – Қазбек Майгелдинов
Фото: gov.kz
207
оқылды
Қазақстанда өткен референдум қорытындысы туралы саясаттанушы Қазбек Майгелдинов пікір білдірді. Оның айтуынша, референдум партия үшін үлкен сынақ болды. «Референдумды қорытындылай келе, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және іс-шараларды ұйымдастыруды атап өту қажет. Осы тұрғыда «AMANAT» партиясы Республикалық штаб жұмысын ұйымдастыру бойынша ерекше белсенділік танытты. Бір жағынан, бұл трансформация кезеңінде партия үшін ерекше сынақ, екінші жағынан сайлау процесіне дайындығын көрсету үшін жақсы емтихан болды. Құрылған 218 партиялық штаб барлық облыстарды, республикалық маңызы бар қалалар мен аудандарды аралады. Сарапшыларды тарта отырып, TALQYLAU диалог алаңының отырыстары өткізілді. Үгіт-насихат науқанының соңында партия елордада Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай ауқымды Open air өткізді. Басқа саяси партиялар үшін бұл кезеңді өз сайлаушыларымен жұмыс істеу үшін пайдалану қажет еді. Ата Заңға енгізілген өзгерістер сайлау жүйесі, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін де қозғайды. Қазірдің өзінде 20-30-ға жуық жаңа партия олардың қатарын толықтыруға дайын. Алдағы уақытта бәсекелестікке  сақадай-сай дайын болу маңызды», – деді Қазбек Майгелдинов.