Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бүгінгі Президент Жолдауында айтылған кейбір өзекті бастамалар жайлы түсіндірді.
«Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады», – деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.Сонымен қатар ол Үкімет пен Ұлттық банктің есебін басшылыққа алып, елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келетінін мәлімдеді.