Ұлттық қор – балаларға!
Ұлттық қор – балаларға!
712
оқылды
Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа өзінің кезекті Жолдауын жария етті.  Жолдауда халықтың түрлі әлеуметтік топтарының мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар бастама  аталды. Бұл ретте Қазақстанда қағидатты түрде жаңа бағдарлама балаларға арналған Ұлттық қор құруды жеке атап өткен жөн. Осы бастамаға сәйкес, балалардың әлеуметтік жинақтаушы шоттарына жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы аударылатын болады. Бұл шоттағы сома бала 18 жасқа толғанға дейін алынбайды. Осыдан кейін жинақталған қаражат тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға төлем ретінде жұмсалады. Аталған қор өз қызметін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастайды. Қазір банктер қазақстандық ата-аналарға балаларының болашағы туралы алдын ала қамқорлық жасауды ұсынады. Баланың туған кезінен бастап ашылатын жеке депозиті немесе бірінші сынып оқушысына арналған балалар депозиті және балаға баспана  алуға арнайы депозит болуы мүмкін. Осы депозиттер бойынша жинақтарда мемлекет сыйақысы салынғанымен (бір жылдағы жинақ сомасының 20% мөлшерінде), алайда бұл жинақ баланың 18 жасында қомақты қаржы болуы үшін ата-аналардың тұрақты жарналары да ауқымды болуы тиіс. Алайда тұрғындардың жартысынан астамы үшін ай сайынғы 20  мыңдық жарнаның өзі ауырлық етеді. Банктердің қолданыстағы балалар депозиттерінен айырмашылығы, енді 18 жасқа толған әрбір қазақстандық бала ата-анасының күш-жігерінің арқасында емес, елдің ұлттық байлығының нақты қайтарымынан жинақталған соманы алатын болады. Балалар жылы шеңберде солар үшін Ұлттық қордың құрылуы жастарды нақты қолдаудың шарасы болады, ал олар алған қаржы "өскелең ұрпақ үшін ересек өмірге нағыз жолдама болады", дейді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Әдістемелік зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Дарина ДАНЕНОВА.