Қытайдың бір мегаполисінде коронавирусқа байланысты локдаун енгізілді
Қытайдың бір мегаполисінде коронавирусқа байланысты локдаун енгізілді
216
оқылды
Бейсенбіде Чэнду қаласының (Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы) билігі қатаң локдаун енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оған сәйкес, жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден бастап Чэнду қаласының тұрғындарына үйден шықпауға кеңес беріледі. Сонымен қатар, COVID-19-ға тапсырған ПТР тестінің нәтижесі теріс болса, отбасы мүшелерінің біреуіне күніне бір рет азық-түлік алу үшін далаға шығуға рұқсат етіледі. Кәсіпорындардың жұмыс берушілері қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырғаны жөн. Тек ауыл шаруашылығы базарлары, қажетті тауарлары бар дүкендер, дәріханалар мен ауруханалар ғана жұмыс істейді. Қоғамдық көлік қозғалысы қысқарады. Бейсенбіден бастап 21 миллионға жуық халқы бар Чэнду қаласының барлық тұрғынын жаппай ПТР тестілеу науқаны басталады.