Канело өзіне тым сенімді
Канело өзіне тым сенімді
545
оқылды
Екінші орта санаттағы абсолютті әлем чемпионы Сауль Альварес Геннадий Головкинді 17 қыркүйекте өтетін трилогияның соңғы бөлігінде мерзімінен бұрын жеңуге бел буғанын мәлімдеді. Канело GGG-мен шайқаста мамыр айындағы Дмитрий Биволдан жеңілісін жуып-шайып, өз дивизионындағы барлық негізгі атақтарды қорғауға ниетті. «Мен бұл жекпе-жекке дайынмын. Рингке шығуды асыға күтемін. Әрқашан қапталмен жұмыс істеймін әрі көп жаттығамын. Барлық дағдымды көрсетіп, жұмысымды орындағым келеді. Басқа боксшылардың Головкинмен қалай жұдырықтасқанын көргім келмейді. Біздің стиліміз әртүрлі. Мен жай ғана сол жерде болып, өз ісімді аяқ­тағым келеді. Мен үшін бұл жекпе-жекті сенімді түрде жеңу өте маңызды. 12-ші раундқа дейін жеңгім келеді. Бұл менің мақсатым», – деді Канело.