Бағдат Мусин: Жолдауда айтылған бағыттар бойынша жаңа міндеттерді орындауға дайынбыз

Бағдат Мусин: Жолдауда айтылған бағыттар бойынша жаңа міндеттерді орындауға дайынбыз

Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат  Мусин Президент Жолдауы аясында өзі жетекшілік етіп отырған ведомствоның басты мақсатын атады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев күрделі проблемаларды шешудегі цифрландыруды сөз еткен.
– Соның ішінде жұмыс барысында бетпе-бет кездесу мүлдем болмайтындай етіп, салықтық бақылау қызметін толық цифрландыру керек екенін айтты.
Сондай-ақ 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы және Әлеуметтік әмиян сияқты тәсілдер енгізілетінін мәлімдеді. Осы бастамалар аясында мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары біріктіріледі. Олар түсінікті, дәл және проактивті болады. Сонымен қатар ғылым, денсаулық сақтау, өндіріс, IT салаларының білікті мамандарына салықтық жеңілдік жасалып, оларға елімізде тұрақты тұру үшін виза береді. Президент өз Жолдауында сот жүйесіне ерекше тоқталды. Мысалы, қазір цифрлық талдау жасайтын құрал әзірленуде. Сол арқылы сот төрелігін атқару ісін біріздендіруге мүмкіндік туады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы мемлекеттік қолдау көрсетілетіндерді анықтайтын жүйені автоматтандыру мәселесіне назар аударды. Қазір біз скоринг нұсқасында қалыптастырылған жүйе жасау мүмкіндігін әзірлеп жатырмыз. Ауылшаруашылық жерлері, су ресурстары, ирригациялық жүйелер мен көлікке қолжетімділік жағдайы туралы бытырап жатқан деректер бірыңғай цифрлық платформада біріктіріледі. Геологиялық ақпараттардың бірыңғай деректер банкін жасау жұмыстарын аяқтау арқылы осы саладағы инвестклиматты жақсартуға және үдерістерді ашық жүргізуге жол ашамыз. Игерілмеген немесе заңсыз берілген жерлер тақырыбы да көтерілді. Осы орайда жерді қайтару және есепті ауыстыру жұмысы жүргізіледі. Әрине, бұл процестердің барлығы Цифрлық даму министрлігінің көмегімен жүзеге асырылады. Жолдауда айтылған бағыттар бойынша біз жұмысты жандандырып, жаңа міндеттерді орындауға дайынбыз, – дейді Бағдат Мусин.