Ормандар алаңын ұлғайту арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі бірлескен жобаны ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, БҰҰДБ және Bitfury Group компаниясы әзірлемек.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстандағы орман көміртегінің жалпы көлемі 718,3 миллион тоннадан астам СО2 эквивалентіне тең. Орман жамылғысын 4,6 пайыздан 5 пайызға дейін арттыру көміртекті ормандармен сіңіруді жылына CO2 эквивалентінің 2,9 миллион тоннаға дейін арттыруға көмектеседі деп болжануда.
Қазақстан 2016 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісімін ратификациялады және жеке сектордың қатысуымен инновациялық шешімдерді жұмылдыру арқылы 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15 пайызға қысқартуға міндеттелді.
"Бүгінде Қазақстандағы ауаның негізгі ластаушылары Көлік және энергетика салалары. Жыл сайын экожүйеге түсетін жүктеме өсуде, табиғи көміртекті сіңіргішсіз, яғни ормандарсыз, парниктік газдардың шоғырлануы тек өсе түседі және Париж келісімінің мақсаттарына жету мүмкін емес", — деді экология министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Сондай-ақ серіктестер Қазақстанда парниктік газдар шығарындыларын азайтуды орман пайдалану тәжірибесін жетілдіру және климаттың өзгеруі туралы жұртшылықты көбірек құлақтандыру арқылы да жүзеге асырмақ ниетте.