Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан екі бала мен әйел қаза тапты
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан екі бала мен әйел қаза тапты
334
оқылды

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

3 қыркүйек күні Ескелді ауданында Toyota Camry және Mitsubishi L200 автокөліктері соқтығысты. Жол апатына алты адам ұшырады, олардың үшеуі қайтыс болды. Дерек бойынша «Алматы-Өскемен» автожолының 295 шақырымында Toyota Camry автокөлігін жүргізген 40 жастағы ер адам рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, Mitsubishi L200 автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында жас әйел мен 10 жасар бала көз жұмды. Ауыр жарақат алған тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді. Алайда онда 13 жасар қыз да көз жұмды. Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің  345-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық іс тіркелді.