Бұл туралы Қостанай облыстық орман шаруашылығы инпекциясының басшысы Рүстем Қаракенов айтты. Оның мәліметінше, ормандарды қалпына келтіру үшін 5 жыл қажет. Инспекциясының басшысы өрттің шығу себебіне тоқталды.
"Иә, кем дегенде 5 жыл уақыт кетеді. Жанған ағаштардың орнын қайта тазартып, отырғызу керек. Негізі күн қанша ыстық болса да нағыз қауіп жел. Желдің ықпалынан осындай көп шақырым алқапты өрт шарпыды. Өңірге келген демалушылардан да болуы мүмкін және ормандардағы ірі өрт найғазайдан болады. Себеп көп", - деді Рүстем Қаракенов.Еске сала кетейік, Қостанай облысындағы өрт 2 қыркүйектен бастап сөндіріліп жатыр.