Қостанайда төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Қостанайда төтенше жағдай жариялануы мүмкін
278
оқылды
Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда. 3 қыркүйек сағат 16.00-ден бастап Озерное (8 тұрғын үй, 1 әкімшілік ғимарат), Лесное (1 тұрғын үй), Аманқарағай ауылдары (98 тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар), Аманқарағай мұнай базасының аумағына өрттің көшуі тіркелді. Қазір өрт 108 құрылысты жойып, зақымдады.
"Бүгін Қостанай облысына Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД жеке құрамынан 15 автоцистерна, 2 вахтовка, 1 қызметтік автомобиль, 98 жеке құрам, сондай-ақ Алматы қаласынан суағызу құрылғылары бар ТЖМ-нің 2 тікұшағы қосымша күштер мен құралдар келеді. Қазір жағдайды бағалау үшін әуеден барлау жүргізілуде. Әуе барлауының қорытындысы бойынша күштер мен құралдар орман алқабындағы өрт ошақтарын сөндіруге және елді мекендерді қорғауға бағытталатын болады", - деп хабарлады жедел штабтан.