Қостанай облысы Әулиекөл ауданында өрт әлі сөнбеді. Өкінішке қарай, өрт өршіген Бағаналы ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатыр.
«Бағаналы ауылында өрт өршіді. Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы мен техникасы өрт ошағына жіберілді. Көпшіліктің көмегімен ауыл халқын эвакуациялап жатыр» делінген ресми мәліметте. Қазанбасы мен Бағаналы ауылында 10 техника мен 52 адам өртті сөндіріп жатыр.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барды.