Мәжіліс Қостанай облысында өрт салдарынан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударады
Мәжіліс Қостанай облысында өрт салдарынан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударады
1,246
оқылды
Қостанай облысының тұрғындары бұрын-соңды болмаған қайғылы жағдай – өртке тап болды. Өкінішке қарай, қайтыс болған адам бар. Жүздеген үйлер мен өндірістік нысандар қирады. Орман қоры мен жануарлар әлеміне үлкен зиян келді. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар барлық қажетті шараларды қабылдауда. Мемлекет басшысы жағдайды жеке бақылауда ұстап отыр. Осындай ауыр кезеңде барлық қазақстандықтарға қостанайлықтармен бірге болып, қолдан келгенше көмек көрсету маңызды. Осыған байланысты Парламент Мәжілісі Қостанай облысында өрт салдарынан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылдады. Мәжілісмендер мен Аппарат қызметкерлері марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.